6 желтоқсан күні «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл»: халықаралық акциясының аясында 6 «В» сынып ата-аналары мен оқушылар арасында «Біздер дені сау болашақ үшін» тақырыбында тренинг-сабағы өткізілді. Тренинг-сабақтың мақсаты: ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әрі отбасында жақсы тәрбие беруіне ықпал жасап, ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы және өз баласын жақсы тануға көмек көрсету. Ата –аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру, басты байлығы баласы екеніне көз жеткізу. Тренинг барысында оқушылар мен ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.