4 желтоқсан күні «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл»: халықаралық акциясының аясында 10 «Б» сыныбымен «Сүйіспеншілік пен кек» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретіндегі мәнін аша отыра, бір-бірлеріне сыйластықпен қарау қажеттілігін түсіндіру. Сонымен қатар, тренинг барысында оқушыларға топтық әр түрлі жағдаяттар беріліп содан шығу жолдарын өздері түсіндірді. Қоғамда көп кездесетін «Буллинг» мәселесі бойынша видео көрсетіліп өз ойларын жеткізді.