Бүгін 23 қараша күні мектебімізде “1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес” күніне және “Балалардың қауіпсіздігі” айлығына орай 11«А» сыныбында «ЖИТС – ғасыр дерті» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға нашақорлықтың, ЖИТС-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру.
Оқушыларға шылым шегудің, ішімдіктің зиянды әсерін түсіндіріп, оларды салауатты өмір сүруге үйрету.