“Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды” Мұстафа Шоқай
Қазақ отбасындағы ұлттық салт-дәстүрлер. Ұрпақтар сабақтастығы: әже даналығы, атадан өсиет, жеңгелерден қызға ақыл-кеңес, ағаға, әпкеге құрмет – баланы тәрбиелеу тәсілдері ретінде. Отбасылық дәстүрлерді дәріптеу.
«ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ» ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бір бағыты ретінде мектептерде клубтық форматта жұмыс істейді. Бүгін, яғни 2023 жылдың 22 қараша күні 8-9 сыныптың қыздарымен “Әжелер сөзі – ақылдың көзі” тақырыбында әжелермен кездесу өтті.
#атааналардыпедагогикалыққолдау