Бүгін мектебімізде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Коспаева Жадыра Абайқызының ұйымдастыруымен «Идеялар мен инновациялар» шығармашылық тобы және 5-7 сынып пән мұғалімдеріне арналған «Педагогикалық шеберліктен – педагогикалық ынтымақтастыққа» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты: «Дербес оқыту технологиясы-мектеп үдерісінде» атты жобаның мақсаты мен жүзеге асыру жолдарын 5-7 сынып пән мұғалімдерін таныстыру. Дөңгелек үстелде ұстаздар жобаның мақсаты, міндеті, жүзеге асыру кезеңдері және жобаның перспективалық жоспарымен танысты. Сонымен қатар, сараланған тапсырмаларды ұйымдастыру қағидалары, мазмұн мен үдерісті саралау әдістері, оқушының түпкі білімін анықтау сұрақтарын анықтау тәсілдері талқыланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *