«Асық ойыны – үлкен халықтық тәрбие. Біздің ұлтымыздың дәстүрлері мен мәдениетінің бастауы»
Б. Момышұлы
Қазақстанда соңғы жылдары ұлттық ойындарға, оның ішінде асық ойындарына деген қызығушылық қайта жандануда. Балалар мен жастар асық ойнауға және өзінің қырағылығын тексеруге көбірек ниет білдіруде.
Асық ойнау – бұл жай ғана ойын емес, дәлдік пен көшбасшылық қасиеттерді дамытатын, оқушылардың логикалық ойлауына оң әсер ететін спорт.
Бүгін, яғни 2023 жылдың 17 қараша күні сағат 12.00-де республика мектептерінде жаппай “БЕС ТАБАН”, “БЕС АСЫҚ” ойындарының челленджі өтті. Челлендждің мақсаты — білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу. «Ұлттық ойындар – адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар, ол денсаулықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің кепілі. Мәселен, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдауына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады.