Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Мәлік Мұқановты еске алу кешіне жиналғандар ұлт қайраткерінің мағыналы ғұмыры, шығармашылық мұрасы, өр мінезі туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Зиялы қауым өкілдері, бірге қызмет атқарған әріптестері, ұстаздар мен жастар алдымен “Ұлтын сүйген қайраткер” деген атаумен ұйымдастырылған кітап көрмесін тамашалап, Мәкеңнің туындыларымен, шығармашылық лабораториясымен танысты.
Мәлік Мұқановты көпшілік тіл жанашыры ретінде де танитынын, облыс орталығындағы біздің мектебіміз, яғни №6 мектепке Қожаберген жырау есімінің берілуіне де көп еңбек сіңірді.
Бүгін мектебіміздің оқушылары Мәлік Мұқановты еске алу кешіне барып келді.