Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймын,
Өйткені ол – Ұлт күні, Қазақ күні!
Республика күні – егемен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуын, Қазақстан халқының жалпы ұлттық бірлігі мен этносаралық келісімін нығайтуды, патриотты да талапкер ұрпақты тәрбиелеуді білдіретін еліміздің ұлттық мерекесі
Мектебімізде 25 қазан – Республика күніне орай “Менің Отаным – Қазақстан” тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды өз Отанын сүюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты ұрпақ тәрбиелеу.