Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп ержетеді. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-анаға деген бала махаббатын ояту мақсатында “Отбасы күніне” орай мектебімізде «Отбасының қызығушылық әлемі» тақырыбында…

read more

3-мамыр күні Қарақат Жаиыққызымен оқушылардың ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен “Мен көшбасшы” интеллектуалды сайысының 3-айлық ойыны өтті. Сайысқа 8-10 сынып оқушылары қатысты. Финалдық кезеңге 8-сынып оқушысы Устемирова Мадина мен 10-сынып оқушысы Туякова Алина ең жоғарғы ұпай жинап, жолдама алды. Осы сайыс арқылы оқушылардың пәндерге…

read more

2024 жылдың 13 мамыр күні Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 10-11 сынып оқушыларына Петропавл қ. ПБ ҚТО бастығы, полиция майоры Баймаканов Болат Маратовичпен дәріс оқыды. Жалған терроризм, жыныстық тиіспеушілік, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық алдын алу, оқу жылы аяқталуына…

read more

14 мамыр күні И. Шухов атындағы екінші қалалық кітапханада өткен аса көрнекті әдебиет өкілдері Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров және Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Үш бәйтерек, үш діңгек» атты шығармашылық кешке мектебіміздің 10 сынып оқушылары қатысып, тарихи және танымдық мәліметтермен танысып қайтты….

read more

12 мамыр – Аналар күніне арналған мектеп ішілік іс-шаралар жоспары аясында “Анаға құрмет” атты бейне челленджі ұйымдастырылды. Мақсаты: ананың мәртебесін нығайту, қазақ халқының тарихындағы аналардың рөлін танымал ету, ананы кұрметтеу, оларға сүйіспеншілігі мен қамқорлығы үшін алғыс айту. #анағақұрметчелленджі #біртұтас_тәрбие

read more

Мектебіміздің ұстаздары 7 мамыр – Қазақстан Республикасы Отанқорғаушылар күніне” арналған “Қарасай мен Ағынтай” батырларымыздың ескерткішіне, 8 мамыр “Даңқ” стелласына, “9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне” орай орталық алаңдағы “Мәңгілік алау” ескерткішіне гүлшоғын қою іс-шараларына қатысып, бабалар рухына тағзым етті. #7мамыротанқорғаушыларкүні #9мамырЖеңіскүні

read more

Радикалдық идеологияны және терроризмге қарсы іс-әрекетті түсіндіру мақсатында 5-11 сынып оқушыларына”Сенің өмірің – сенің қалауың!” атты бейнеролик көрсетілді. #терроризмніңалдыналу #құқықбұзушылық

read more

Мектебімізде 24 сәуір күні психологиялық қолдау көрсету мақсатында 7 сынып оқушылары арасында тренинг ұйымдастырылды. Треннинг жаттығулары барысында оқушыларға әр адамның өз таңдауы мен ұстанымы негізінде өмір сүру керектігі түсіндірілді. “Сөйлемді жалғастыр” жаттығуында белсенділік танытқан оқушылар өз ойларымен бөлісті. #күшбірлікте #тренинг #психологиялыққолдау

read more

Сәуірдің 18 күні “Татулық – достық кілті” тақырыбында мектебіміздің 8 сынып оқушыларымен тренинг жаттығулары өтті. Тренинг барысында оқушылардың көру, есту, тану қабілеттерін дамыту мақсатында “Карусель”, “Кім екенін тап” және достыққа жетелейтін “Алып” жаттығулары жүргізілді. #татулықдостықкілті #тренинг

read more

Бүгін мектебімізде «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» орай «Менің Бақытым – менің Қазақстаным!» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында отанқорғаушы айбынды азаматтардың батылдығы мен ерлігін насихаттау мақсатында бірыңғай сынып сағаттары өтті. 9 мамыр – Жеңіс Күні! Мерекені атап өту мақсатында «Ерлігім – елім…

read more